ЖАҢАЛЫҚТАР
Кәсіпқойлық үшін марапаттаулар

ҚР БАҚ қызметкерлері күніне орай «Қазконтент» АҚ қызметкерлері грамоталар мен марапаттауларға ие болды.

Редакторлар мен журналистеріміз «Қазконтент» АҚ басшылығынан, ҚР ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінен, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік органдарының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына қол жеткізді. Атап айтсақ:

«Қазақстан тарихы» интернет-жобасының бас редакторы Алтынбек Құмырзақ – «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

«Baq.kz» және «Bnews» порталдарының бас редакторлары Ерлан Оспан және Ақмарал Олжабаева тиісті министрліктің басшылығынан Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Сондай-ақ, Ақмарал ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Парламенті Мәжілісі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі және ҚР Үкіметінің марапаттаулары мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Төтенше жағдайлар комитетінен алғыс хаттарға ие болды.

«Bnews» ақпараттық агенттік қызметкері Салтанат Уайс Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінен Алғыс хат алса, ал фотограф Бауыржан Жуасбаевқа ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

«Bnews» тілшісі Тамила Языкова ҚР Парламент Мәжілісі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің грамотасымен марапатталды.

Сондай-ақ, ҚР БАҚ қызметкерлері күніне орай ақапарат саласының дамуна қосқан үлесі мен мінсіз қызметі үшін «El.kz» интернет-жобасының шығарушы редакторы - Руслан Беген және «Қазақстан тарихы» интернет-жобасының шығарушы редакторы - Заңғар Кәрімхан, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Құрмет грамотасына ие болды. «Ruh.kz» сайтының шығарушы редакторы - Бибігүл Құламан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Компаниямыздың  тағы да бір жақсы жаңалық: «Әдебиет порталы» интернет-жобасының бас редакторы Нұрлан Қабдай  «Semser» әдеби байқауының «Үздік проза» номинациясы бойынша лауреат атанды.