Қазнетті дамыту қызметтері
-
VPS – Хостинг
"Қазақстандық сайттарды мемлекеттік қолдау" бағдарламасы
15-ші шілдеден бастап байқаудың қатысушы-сайттары сондай-ақ "Қазақстандық сайттарды мемлекеттік қолдау" бағдарламасына да қатыса алады. Бағдарламаның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі, "Зерде" ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі" АҚ, "Қазконтент" АҚ болып табылады.
Кіріспе
Соңғы уақытта ақпараттық қызмет нарығының күн сайын ұлғаюына қарамастан, Интернет желісіндегі қазақстандық буынның ресейлік, әсіресе батыстық буыннан біршама қалыс қалу мәселесін өзектілігін жойған жоқ. Интернет желісінде қазақстандық буынды дамыту ісінде қарқынды қадам жасау үшін "Қазконтент" АҚ қызметкерлері "Қазақстандық сайттарды мемлекеттік қолдау" бағдарламасын құрастырды.
Аталмыш бағдарламаның мақсаты: сайт иелеріне тегін хостинг ұсыну, сондай-ақ оларға қаржылық ағымдарын өз ресурстарын жылжыту үшін бағыттауға мүмкіндік беру (маркетинг, дизайн, SEO).
"Қазақстандық сайттарды мемлекеттік қолдау" бағдарламасына (ары қарай Бағдарлама) қатысуға ниет білдірген ресурстар 3-пункте ("Бағдарламаға қатысу үшін сайттарға қойылатын талаптар") көрсетілген барлық шарттарға ауап беруі керек.
Бағдарлама қатысушылары 6 ай мерзіміне тегін хостингке (VPS) ие болады. Хостинг ресурс 4. және 5. "Бағдарламаға қатысуды жалғастыру (немесе тоқтату) шарттары" пунктерде көрсетілген Бағдарламаға қатысуды жалғастыру (немесе тоқтату) шарттарына сәйкес келген жағдайда ғана беріледі.
Бағдарлама 2010-2014 жж есептелген, ме,млекеттік қолдау сайт оның хостингін және тағы басқа шығындарын өтейтін инвестор тапқан жағдайда немесе интернет-ресурс өзін өзі қаржыландыру дәрежесіне жеткенде тоқтатылады.Ереже
"Қазақстандық сайттарды мемлекеттік қолдау" бағдарламасының мақсаты:
Интернет желісіндегі қазақстандық буынды дамыту мақсатымен хостинг беру арқылы болашағы бар қазақстандық сайттарға қолдау көрсету."Қазақстандық сайттарды мемлекеттік қолдау" бағдарламасының міндеттері:
- қазақстандық интернет-контенттің қазіргі ағдайын анықтау
- хостинг беру арқылы Бағдарлама қатысушыларына қолдау көрсету
Бағдарлама ұйымдастырушылары:
Бағдарламаның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі, "Зерде" ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі" АҚ, "Қазконтент" АҚ болып табылады.
Ұйымдастырушылардың міндеттері:
- Бағдарлама қатысушысының сауалнама-өтінішін құрастыру
- Аталмыш Бағдарламаны насихаттау дұмыстарын жүргізу
- Барлық қажетті құжаттамалардың уақытылы жөнелтілуін қамтамасыз ету және Бағдарлама қатысушыларының барлығына бірдей жағдай жасау
- Бағдарлама қатысушыларының сауалнама-өтініштерін жинау және тіркеуді ұйымдастыру
- Қатысушыларға оның ережелерін түсіндіру
- Қатысушылардың сауалнама-өтінішретін бағалау мақсатымен сараптамалық комиссия жұмысын қамтамасыз ету
- Қатысушыларды жариялау және Бағдарлама туралы барлық қажетті ақпараттарды "Қазконтент" сайтында жариялау (www.kzcontent.kz)
- Бағдарламаға қатысу үшін талапқа сай қазақ сайттарына қолдау көрсету
- "Қазконтент" АҚ сараптамалық комиссиясының интернет-ресурстарға жасаған талдауы. Мемлекеттік қолдау көрсету туралы шешімді "Қазконтент" АҚ қабылдайды.
Ұйымдастырушы құқығы:
- «Қазконтент» АҚ Бағдарламаның кез келген кезеңінде сайтқа оның әрі қарай қатысу мүмкіндігін тоқтататын Бағдарламаға қатысу талаптарына қайшы келетін (аталмыш Ереженің 3 пункті) қандай да бір сәйкессіздіктер табылған жағдайда мемлекеттік қолдау көрсетуді тоқтатуға құқылы. Сайтты Бағдарламадан шығару мемлекеттік қолдау тоқталығанға дейін 3 күн бұрын алдын ала ескерту арқылы "Қазконтент" АҚ-мен жүзеге асады.
Ұйымдастырушының жауапкершілігі:
- «Қазконтент» АҚ қандай жағдай болмасын Бағдарламаға қатысушы сайттардың мазмұнына жауап бермейді
- «Казконтент» АҚ қандай жайдай болмасын міндеттемелер бойынша немесе Бағдарламаға қатысушы сайттарға деген үшінші тараптардың шағымына жауап бермейді.
Бағдарлама қатысушылары:
Бағдарламаға қатысу үшін Интернет желісінің қазақстандық буынында (Қазнет) ресурсы бар барлық жеке және заңды тұлғалар шақырылады.
Қатысушылар міндеттері:
- Бағдарлама қатысушысының сауалнама-өтінішін толтыру (№1 Қосымшадан қараңыз)
- Бағдарламаға қатысу үшін қажетті барлық ақпараттарды ұсыну
- Интернет-ресурстың статистикасына кіруге рұқсат ету
- Алдын ала Бағдарламаның мәтінімен, Бағдарлама қатысушыларына қойылатын талаптармен танысу
- Бағдарламаның талаптарына сәйкес толтырылған Бағдарлама қатысушысының сауалнама-өтініштерін уақытылы тапсыру.
- Бағдарлама қатысушысы сауалнама-өтінішінде шынайы ақпарат ұсыну
- Аталмыш Ержеде қарастырылған барлық талаптарды ұстану
- Қатысушы Бағдарлама қатысушысы сауалнама-өтінішін дайындау және ұсыну үшін жұмсалған барлық шығындарды өз мойнына алады, ал Бағдарлама ұйымдастырушысы бұл шығындар бойынша жауап бермейді және ешқандай міндеттемені мойнына алмайды.
Қатысушы құқықтары:
- Хостинг-алаңдармен жұмыс барысында туындаған қиындықтар бойынша оларды шешу үшін "Қазконтент" АҚ немесе хостинг иесіне көмекке жүгіне алады
- Бағдарламаның талаптары мен өткізілу реті бойынша түсініктеме алуға құқылы
- Тіркету үшін Бағдарлама қатысушысы сауалнама-өтінішін жолдауға құқылы
- Анкета қабылдау мерзімінің аяқталуына кем дегенде бір күн қалғанға дейін ұйымдастырушыға ресми ескерту жіберу арқылы Бағдарлама қатысушысы сауалнама-өтінішін қайтарып алуға құқылы
- Ұсынылатын мемлекеттік қолдаудан ерікті түрде бас тартуға құқылы
Қатысушылардың жауапкершілігі
Қатысушылар жауап береді:
- Бағдарлама қатысушысы сауалнама-өтінішінде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына, сондай-ақ аталмыш Ережемен бекітілген талаптар, ережелер мен тәртіптердің сақталуына;
- талаптар сақталмаған жағдайда ұйымдастырушы Бағдарлама қатысушысын Бағдарламаға қатысу құқығынан айыра алады. Аталмыш фактіге сәйкес хаттама толтырылады. Бағдарламаға қатысу құқығынан айыру туралы ескертпе электрондық поштаға, сондай-ақ ресми хатпен де жіберіледі.
Бағдарламаға қатысу тәртібі
- Бағдарламаға қатысу ерікті түрде жүзеге асады және ол пошта арқылы ұйымдастырушы мекен жайына (үдерісті тездету үшін электрондық пошта арқылы) жолданған қатысушының сауалнама-өтініші күйінде көрініс табады.
- Бағдарлама қатысушысы сауалнама-өтінішіне ұсынушы интернет-жобаныңиесі қол қояды. Сайттың домені сауалнамамен бірге өзінің аты-жөнін куәландыратын құжатының сканерленген көшірмесін қоса жіберуге міндетті сайт иесінің атына тіркелуі тиіс.
- сауалнама-өтініш электрондық пошта арқылы жіберлен жағдайда,аталған құжаттың интернет- жоба иесі қол қойған нұсқасының сканерленген көшірмесі қоса жіберілуі міндетті. Өтінішті осындай әдіспен жіберу Бағдарлама қатысушысын сауалнама-өтінішті бекітілген тәртіп бойынша жіберу (құжаттың қағаз жүзіндегі нұсқасын ұсыну) міндетінен босатпайды.
- Бағдарламаға қатысу үшін жіберілген сауалнама-өтініштер оның қорытындылары шығарылғаннан кейін қатысушыларға қайтарылмайды.
- Бағдарламаның әрбір қатысушысы жарияланған интернет-жобаның санына қарай бірнеше Бағдарлама қатысушысы сауалнама-өтініштерін ұсына алады.
- Қабылданған Бағдарлама қатысушыларының сауалнама-өтініштері құрамына "Қазконтент" АҚ қызметкерлері мен сырттай шақырылған сарапшылар кіретін Бағдарламаның сараптамалық комиссиясының мүшелерімен қарастырылып, бағаланады. Сауалнама-өтініштерді бағалау 3 пункте ("Бағдарламаға қатысу үшін сайттарға қойылатын талаптар") көрсетілген талаптар бойынша жүзеге асады.
- Бағдарламаға қатыстыру үшін сайттарды қарастыру кезек бойынша олардың қатысуға тапсырған өтініштерінің мерзіміне сай өтеді. Қандайда бір сайт Бағдарламадан шығып қалған жағдайда, оның орнын кезек бойынша келесі сайт басады.
- Мемлекеттік қолдауды ұсыну кезінде Бағдарлама талаптарына сәйкес келмейтін жайттар аңғарылған жағдайда шұғыл комиссия сәйкессіздіктер жайында сайт иесін ескертіп, оларды тез арада жоюын өтінеді. Егер ескерту алғаннан кейін де сайт үш күн бойы Бағдарламаға қатысу талаптарын бұзатын болса, шұғыл комиссия мемлекеттік қолдау көрсетуді тоқтатады.
Бағдарлама қатысушыларын анықтау
Бағдарлама қатысушыларын шұғыл комиссия Бағдарламаға қатысушы интернет-жобалардың барлық талаптарға сәйкестігі негізінде анықтайды.
Бағдарламаға қатысу үшін сайттарға қойылатын талаптар
Бағдарламаға қатысу үшін сайттар келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
- Доменді аймақ. Сайт домені .kz аумағында болуы міндетті, сонымен қатар басқа да кез келген домендік аумақта балама мекен айға ие бола алады.
- Сайт тілі. Сайттағы Интерфейс міндетті түрде мына үш тілдің бірінде болуы керек: қазақ, орыс және ағылшын.
- Контент. Сайттың мазмұны Қазақстан Республикасы заңдылықтарына (авторлық құқықтың бұзылуы, зорлық-зомбылыққа шақыру және т.б.), сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық заңдылықтарға қайшы келмеуі керек.
- Сайттың жас шамасы. Бағдарламаға қатысу үшін сайт кемінде 3 ай жұмыс істеуі керек, дәл осы уақыт аралығында сайттың статистикасы жөнінде мәліметтер алуға болады.
- Статистика. Бағдарламаға қатысу үшін GoogleAnalytics есептеуіші бойынша айына Қазақстаннан кіріп-шығушылар саны 4,5 мыңнан 200 мыңға дейін (қазақстандық сайттар үшін 3 мыңнан 200 мыңға дейін) жететін сайттар ғана жіберіледі. Бағдарламаға қатысушы ресурстардың статистикасын есептеуді жеңілдету үшін, барлық ресурстар GoogleAnalytics есептеуішін орнатып, Бағдарлама ұйымдастырушыларына статистикаға ашық кіріп-шығу жолын қамтамасыз етуге міндетті.
- Хостинг. Бағдарламаға қатысуға дейін сайт кез келген аймақтық хостингте өз сайтын орналастыра алады.
- Сайт түрі. Бағдарламаға қатысу үшін:
- сайт-визитка;
- ұжымдық сайт;
- интернет-дүкен;
- үшінші тұлға тарапынан инвестицияға ие сайт - болып табылмайтын сайттар ғана жіберіледі.
Торрент-трекерлер, файл алмастырушы қызметтер және онлайн-кинотеатрлар лицензиясыз контентті сайттарға теңесетіріледі
Бағдарламаға қатысуды жалғастыру шарттар
Бағдарлама сайтқа бірреттік есем қолдау көрсету үшін есептелген, сондықтан тегін хостинг ұсынылғаннан кейін 6 ай ішінде сайт иесі келесі талаптар бойынша Бағдарламаға қатысуын жалғастыра алады:
- Хостинг-аумақтар тарапынан туындаған техникалық қиындықтарды ескермегенде, алдағы 6 ай бойы үздіксіз жұмыс істеу. Сайттың шекті жұмыс істемеу ұзақтығы 24 сағат, одан көп мерзімге ұзарып кеткен жағдайда оның себептерін көрсету керек.
- 6 ай ішінде сайтқа кіріп-шығушылардығ саны 30% құрауы керек (бір ай ішіндегі кіріп-шығушылар саны 100 мыңнан асатын сайттардан басқа), сонымен қатар Қазақстаннан кірген бірегей кіріп-шығушылардың саны да ескеріледі.
- Сайт мазмұны Қазақстан Республикасы заңдылықтарына (авторлық құқықтың бұзылуы, зорлық-зомбылыққа шақыру және т.б.), сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық заңдылықтарға қайшы келмеуі керек.
- "Қазконтент" АҚ мен Бағдарлама қатысушысы арасындағы келісім-шарттың барлық пунктерін ұстану.
Бағдарламаға қатысуды тоқтату шарттары
Мемлекеттік қолдауға ие болған сайтқа көрсетілетін көмектің тиімділігін бақылау үшін, 6 ай өткен сайын оның аталмыш әдіске сәйкестігі тексеріліп отырады. Бақылау амалдары сайт иесінің ресурспен және оны дамыту жұмыстарымен айналысуының нәтиесін тексеру үшін өткізіледі. Сайт иесінің Бағдарламаға қатысу туралы өтініші келесі жағдайлар бойынша қабылданбай қалуы мүмкін:
- Хостинг-аумақтар тарапынан туындаған техникалық қиындықтарды ескермегенде, алдағы 6 ай бойы тұрақсыз жұмыс істеу. Сайт жұмыстарының үнемі тоқтап тұруы, интернет-ресурстың бұзылу себептері түсіндірілместен 3 күн бойы желіден тыс болу.
- Сайтқа кіріп-шығушылардың саны 6 ай ішінде 30%-дан аспаса (бір ай ішіндегі кіріп-шығушылар саны 100 мыңнан асатын сайттардан басқа), сонымен қатар Қазақстаннан кірген бірегей кіріп-шығушылардың саны да ескеріледі.
- Сайт мазмұны Қазақстан Республикасы заңдылықтарына (авторлық құқықтың бұзылуы, зорлық-зомбылыққа шақыру және т.б.), сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық заңдылықтарға қайшы келу.
- Сайтқа кіріп-шығушылардың санын өсіру мақсатында Бағдарлама қатысушыларының қаса-қана ықылассыз қадамдарға баруы, яғни, "Қазконтент" АҚ жалған ақпарат ұсыну фактілері анықталғанда қатысушы бірден Бағдарламаға қатысу құқығынан айырылады.
- Сайттың жұмысын тоқтату туралы соттың, ҚР бақылаушы-қадағалаушы органдарының қаулысы немесе шешімі болу.
- "Қазконтент" АҚ мен Бағдарлама қатысушысы арасындағы келісім-шарттың барлық пунктерін ұстанбау.
Сонымен қатар Бағдарламаға қатысуы кезінде сайтқа оның Бағдарламаға сәйкессіздігін дәлелдей алатын үшінші тұлға жазбаша немесе ауызша түрде аңғақты шағым жасаған жағдайда да қолдау көрсетуді тоқтатылатын болады.
Талаптарға сәйкессіздігі негізінде мемлекеттік қолдау тоқтатылғаннан кейін сайт 3 айдан кейін Бағдарламаға қатысу үшін қайта өтініш* білдіре алады.
*Қайта өтініш білдірген жағдайда сайтқа Қазақстан бойынша 1 айда кіріп-шығушылардың саны 12 мыңнан астам болуы керек.
"Қазконтент" АҚ Интернет желісіндегі қазақстандық буынды дамыту мақсатында
"Қазконтент" АҚ интернет желісіндегі қазақстандық буынды дамыту мақсатында қазақстандық компанияларды Интернетке тарту жұмысымен айналысуда. Аталмыш жұмыс аясында компанияларға сайт-визитка жасау бойынша тегін қызмет атқарылады. Аталмын мүмкіндікті пайдаланып, өзіңіз жайлы Интернетте жар салу үшін төмендер көрсетілген өтініш түрін толтырып, жіребу керек және бір жұмыс күні ішінде сізбен клиенттермен жұмыс істеу маманы байланысқа шығады.
Өтініг түрі
Тақырыбы:
____________ Компаниясының сайтын дайындау үшін өтініш
Тегі:
Аты:
Әкесінің аты:
Байланыс телефоны:
Электрондық пошта:
Сайт түрі: (мыналардың біреуі: сайт-визитка, интернет-дүкен, БАҚ сайты)
Сайттың сіз қалаған атауы:
Ескерту:
