Акционерлiк қоғам «Казконтент»

Жаңалықтар

«Қазконтент» АҚ республиканың меншігіне өтті.

Әрі қарай оқу (33)...

Қазақстандықтарға байқау барысында е-үкіметпен жұмыс істеу тәжірибесі жайлы бейнеролик түсіру ұсынылды 5 Қыркүйек 2011

АСТАНА. Қыркүйектің 5-і. BNews.kz – Қазақстандықтарға е-үкіметпен жұмыс істеудегі жеке тәжірибесі жайлы бейнеролик түсіру ұсынылды, деп хабарлайды Байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
«2011 жылдың 2 қыркүйегі мен 31 қазаны аралығында «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ Байланыс және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Egov.kz бәріне ашық, әркімге қолайлы» тақырыбында бейне түсіру бойынша шығармашылық байқау жариялайды.
Байқау қатысушылары «электрондық үкімет» порталының қызметтерін пайдалану бойынша жеке тәжірибесі жөнінде бейнеролик түсірулері керек.
Байқауға қатысатын жұмыстар үш аталым бойынша іріктелетін болады: «Үздік комедиялық бейне», «Триллер жарнындағы үздік бейне», «Үздік драмалық бейне», -делінген хабарламада.
Сонымен қатар байқауға кәсіпқой бейнекамерамен қатар жай ұялы телефон камерасына түсірілген бейнелер де қатыса алатындығы ескерілген. Байқау материалынына қойылатын басты талап – озық бірегей идея.
Әр аталым бойынша байқау жеңімпаздарына берілетін сый - смартфон.
Барлық жұмыстар «Бейне-байқау» белгісімен электрондық нұсқада press.mci@mci.gov.kz поштасы бойынша қабылданады.


АСТАНА. Тамыздың 17-сі. BNews.kz – Астанада 14-16 қыркүйекте «Digital Communication Kazakhstan-2011» халықаралық көрме- конференциясы  өтеді, деп хабарлайды ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі. 

Әрі қарай оқу (116)...

АСТАНА. Тамыздың 16-сы. BNews.kz – «Электрондық үкімет» порталы АХАЖ органдарының жаңа қызметін іске қосты.

Әрі қарай оқу (80)...

АСТАНА. Тамыздың 10-ы. BNews.kz  – Алматыдағы  Ақпараттық технологиялардың халықаралық университетінде  (МУИТ) алғашқы ашық жүйелер мен  бұлтты есептеу ғылыми-зерттеу зертханасы ашылды. Бұл туралы «Зерде»  ақпараттық коммуникациялық холдингінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Әрі қарай оқу (86)...

МӘСКЕУ. Тамыздың 3-і. BNews.kz – Әйелдер ерлерге қарағанда үздік интернет-пайдаланушы болып шықты. Мұндай тоқтамға G Data Software компаниясы жүргізген зерттеулерінің нәтижесіне сәйкес осындай тоқтамға келіп отыр, деп жазады news.BCM.ru.

Әрі қарай оқу (137)...

АСТАНА. Шілденің 29-ы. BNews.kz – Бүгін Астанада дөңгелек үстел қатысушылары ақпараттық-коммуникациялық технологияның (АКТ) қазақстандық мазмұнын арттыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды «BNews.kz» АА тілшісі.

Әрі қарай оқу (77)...

АСТАНА. Шілденің 27-сі. BNews.kz - «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен халықты электрондық үкіметтің www.egov.kz. порталын қолдануға үйретуде.
Жыл соңына дейін мұндай семинарлар еліміздің 80 елді мекенінде өткізіледі және 70000-нан астам қазақстандықтарды оқыту жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Әрі қарай оқу (90)...

АСТАНА. Шілденің 27-сі. BNews.kz – Twitter-дің қазақстандық тұтынушылары қазақ тілін үйренуде бір-біріне белсенді түрде көмектесетін болды. Бұл ойды ортаға салған Арлан Батталов battalov пен қазақ тілін үйренушілерге арналған anatili твиттер-аккаунты, деп хабарлайды «BNews.kz» АА.

Әрі қарай оқу (95)...

Қоғамды интернетпен қамтамасыз ету қазір коммерциялық мекемелердің ақша табумен айналысу мәселесі болып жатыр.

Әрі қарай оқу (84)...



Беттер: 1 2 3 ...
© Акционерлiк қоғам «Казконтент», 2010