Қазнет іс-шаралары
«Қазконтент» акционерлік қоғамы Интернет желісіндегі қазақстандық буынның (ары қарай ҚАЗНЕТ) логотипін дайындау бойынша ашық коммерциялық емес байқау жариялайды. Логотип ҚАЗНЕТТІҢ ресми эмблемасы саналатын болады.
Байқау жас дизайнерлер арасында өткізіледі және кәсіби дизайн қызметін ұсынатын компаниялар мен ұйымдар үшін тендер болып табылмайды. Жұмыстар 2011 жылдың 1 тамызына дейін (қоса санағанда) қабылданады.
Сараптамалық комиссия құрамына Байланыс және ақпарат министрлігінің, "Зерде" ҰАХ" АҚ, "Қазконтент" АҚ, сонымен қатар үкіметтік есем ұйымдардың өкілдері кіреді. 2011 жылдың 30 тамызыда дейінгі мерзімде сараптамалық комиссия қорытынды жиналыс өткізіп, сол жерде жеңімпазды анықтайтын болады.
Қорытынды "Қазконтент" АҚ ресми сайтында 2011 жылдың 1 қыркүйегінде жарияланады.
Логотипті дайындаудың техникалық талаптары
Логотип ықшам, заманауи, бірегей, есте қаларлық, ҚАЗНЕТТІҢ жалпы міндетін суреттей алатын, сонымен қатар түрлі-түсті және ақ-қара нұсқаларында көзге тартымды болуы керек. Алайда бұл - қалау ғана, кез келген идеяларыңызды қуана қабылдаймыз.
Байқау қатысушылары логотип дайындап, оны байқауға JPG/GIF 300х300 пиксель графикалық форматында ұсынулары керек, көлемі - 300 кб-дан аспауы керек.
Байқауға осы талаптарға сай келген жұмыстар ғана қабылданады. Байқауға қатысу үшін логотипті мына электрондық мекен жайға жіберу керек: kaznet_logo@kzcontent.kz. Хабарламаның тақырыбына: "ҚАЗНЕТ логотипі" байқауі үшін логотип" деп көрсетуге ұмытпаңыздар. Хатта жұмыс авторының ТАӘ, электрондық поштасының мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілуі керек.
Бір қатысушының байқауға ұсынған жұмыс эскиздерінің саны 3 нұсқадан аспауы керек. Авторларының ТАӘ, электрондық поштасының мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілмеген жұмыстар байқауға қатыстырылмайды.
Байқау шарттары
Байқау жеңімпазы ақысыз негізде материалдарды бірыңғай пайдалану құқығын беру туралы келісімшартқа қол қойып, сонымен қатар «Казконтент» АҚ-ға логотиптің векторлық суретін ұсынады.
Жеңімпаздарды марапаттау
Сараптау комиссиясының шешімі бойынша ең үздік деп танылған жұмыс авторы бас жүлде – Apple Ipad-қа , сонымен қатар ҚАЗНЕТТІҢ 16 жылдығына арналған конференцияға қатысу мүмкіндігіне ие болады, онда ҚАЗНЕТ логотипі түрінде флеш-моб ұйымдастырылады.
Өткізілетін байқау бойынша туындаға барлық сұрақтарыңызды мына электрондық пошта арқылы жолдай аласыздар: kaznet_logo@kzcontent.kz.
