Домендік атау мен хостинг алу бойынша нұсқаулық
Домендік атауды сатып алу
Домендік атау - бұл сіздің сайтыңыздың нақты айқындауышы. Негізінен Интернетте барлық компьютерлер сандармен айқындалады, мәселен, 213.180.194.129, алайда қарапайым адамдар үшін соншама сандарды жаттап алу қиынға соғады. Сол себепті әріптік мекен жайлар - домендер ойлап табылды. Сандар сервердің анықтауышы ретінде сақталған, алайда олармен қатар әріптік атаулар да қосымша беріледі (мәселен, mail.kz).
Домендер латын әріптерімен теріледі. Домендік атауды таңдау - сайтты жобалаудың ең негізгі бөлігі: домен есте сақтау үшін жеңіл болуы керек. Сондай-ақ доменнің он әріптен аспағаны маңызды. Сондықтан домендік атаудың алдын ала бірнеше нұсқасын ойластырған жөн, себебі олардың біразы қолданыста бар болуы мүмкін, ондай жағдайда сіз ол атауды қайта тіркей алмайсыз.
Домендер бірнеше сағат көлемінде тіркелуі мүмкін, тіркелу мерзімі - бір жыл. Мерзім аяқталғаннан кейін оны ұзартып отыру кезек.
Хостинг - сайтты Интернет желісіне орналастыру әдісі. Өз сайтыңызды серверге орналастырғаннан кейін оның домендік атауын браузер жолағында тере отырып, оған кез келген адам кіріп-шыға алады. Сайтқа кіріп-шығу тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн, жылына 365 күн бойы қолжетімді болады.
Төменде домендік атау мен хостинг сатып алу бойынша қызмет көрсететін сайттардың бірінде (www.idhost.kz) тіркелу мысалы келтірілген. Домендік атаулар мен хостинг сатып алуға болатын сайттардың толық тізімі www.kzcontent.kz сайтының "Қазнет жолсерігі" бөлімінде көрсетілген.
1. www.idhost.kz сайтына кіреміз
.jpg)
2. ID Shared бөлімін таңдап, Linux хостинг батырмасын басамыз
.jpg)
3. Дисктік кеңістік көлемін таңдаймыз (сайт-визиткалар мен жеңіл интернет-дүкендер үшін негізінен ID1/2 қызметін таңдайды)
4. Жазылу мерзімін таңдап (негізінен 1 жылға жазылады), жалғастыру батырмасын басамыз

5. Доменнің атауын таңдаймыз

Егер домендік атау бос болса, міндетті түрде "белгі салып", "себетке" батырмасын басамыз

6. «Тапсырыс бөлшектері» жолағында «Жалғастыру» батырмасын басамыз
7. Сайттың төменгі бөлігінде орналасқан «Өтінеміз, Өз тапсырысыңызды тексеріңіз, қажетті ақпараттарды енгізіп, "Тапсырысты орналастыру" батырмасын басыңыз» формасын толтырамыз
8. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Жүйеге ену» сілтемесін басып, ашылған бетте 7 пункте сәйкес енгізілген логин мен құпия сөзді енгіземіз

9. Ашылған бетте «Personal cabinet» сілтемесін, содан кейін оның төменгі жағында орналасқан «Personal cabinet» жұлдызшасын басамыз.

10. Ашылған бетте «Invoices» жұлдызшасын басамыз

11. Төлеу әдісітн таңдап (банк карточкасымен немесе есеп-хабарлама жолдау арқылы төлеу), сайттағы нұсқаулық бойынша жұмыс жасаймыз.
Ескерту: банк арқылы ақша аудару бойынша сатып алу кезінде домендік атау мен хостин беру қызметін атқаратын компаниямен келісім-шартақ отыру қажет.
12. Домендік атау сатып алынғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң іске қосылады.
