«Әдебиет порталы» қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Халық жазушысы – Фариза Оңғарсынова атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ІІ республикалық интернет-байқауын өткізеді.  

  Байқаудың басты мақсаты:   Халықтың жүрегінен орын алған поэзия падишасының өлеңдерін жастар арасында насихаттау, қазақ әдебиетін интернет арқылы дамыту, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу;                         

  Байқау шарттары:           

– Байқауға қатысушылар Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін өзі оқып, оған бейнеролик жасау арқылы қатыса алады;           

– Бейнеролик көлемі 2 минуттан кем болмауы және 10 минуттан аспауы керек;

– Ақынның өлеңін қатысушы өзі оқуы керек;

– Бейнеролик клип түрінде немесе әуесқой түсірілім ретінде қабылданады (бейнероликтің оң жақ үстіңгі бұрышында «Әдебиет порталының» логотипі болуы шарт);         

– Байқауға қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды;  

  Интернет-байқаудың қазылар алқасы үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:  

– өлеңді оқу шеберлігіне;                 

– дауыс мәнеріне және тіл тазалығына;               

– өлеңді таңдау талғамына;             

– ұсынылған бейнероликтің сапасына назар аударады;                   

– Сапасы төмен бейнероликтер қабылданбайды.  

  Интернет-байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен төмендегідей жүлделер табысталады:  

Бас жүлде – Samsung Galaxy А5 смартфоны және ақынның 12 томдық жинағы;

І орын – Samsung Galaxy А3 смартфоны;

ІІ орын – Samsung Galaxy J5 смартфоны;

ІІІ орын – Samsung Galaxy J5  смартфоны;  

  Байқауға ұсынылатын шығармалар 2017 жылдың 1 желтоқсанына дейін Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды мекен-жайына жолдануы керек. Интернет-байқаудың жеңімпаздары 2017 жылы 25 желтоқсанда ақынның туған күніне орай ұйымдастырылатын еске алу кешінде марапатталады.   Ескерту!!! Жеңімпаздардың жол шығынын және жатын орнын ұйымдастырушылар мойындарына алмайды!   Байланыс телефондары: +7 (7172) 79 82 12 (ішкі 150).