Конкурс «АУЫЛ» партиясы мен «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталының» бірлесіп ұйымдастыруымен (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) өткізіледі.


Конкурстың мақсаты:   Жас талапкерлер арасында ауылдың рухани өмірін, тыныс-тіршілігін, ауылда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерді суреттеу; Ауыл құндылықтарын насихаттау; Жас қаламгерлер, ақындар мен жазушыларды қолдау және шығармашылығын дамыту.

 

Конкурстың шарттары:  

Конкурсқа қатысу үшін жасы 17 пен 45 жас аралығындағы қаламгерлер өз шығармаларын ұсына алады;

«АУЫЛ тақырыбына арналған үздік драматургия» аталымына шығарма ұсынатын қаламгерлердің жас мөлшеріне шектеу қойылмайды;

Үміткерлер конкурсқа ұсынылған шығармалары мен жеке мәліметтерін порталда көрсетілген «Шығарманы енгізу» батырмасы арқылы орналастыра алады;

Әрбір қатысушының жеке парақшасында жариялаған еңбектеріне жұлдызшалар арқылы дауыс беріледі.

Әр номинация бойынша комиссия мүшелері жеке-жеке бағалайды;

Конкурсқа қатысу үшін шығармалар онлайн түрде «Әдебиет порталында» 2017 жылғы 20 қарашаға дейін жіберілуі тиіс;

Көркемдік деңгейі төмен шығармалар қабылданбайды;

Конкурсқа қатысушыларды комиссия мүшелері жеке-жеке бағалайды;

Ұсынылған шығармалар бұған дейін еш жерде жарияланбаған болуы шарт;

Үміткер конкурсқа ұсынатын еңбегін порталда онлайн түрде жариялай алады, техникалық ақаулар болған жағдайда +7 775 126 34 46 нөміріне хабарласуға болады;

Жүлде қорын «Ауыл» партиясы өз міндетіне алады.

Номинациялар бойынша төмендегідей жүлде қоры тағайындалады:  

«АЛТЫН ТҰҒЫР» әдеби жүлдесі:  

Үш номинациядағы 1-орын жеңімпаздарының арасында таңдалып алынады;  

«АУЫЛ тақырыбына арналған үздік проза» (эссе, әңгіме, повесть): 

1-орын 500 000 теңге; 2-орын 300 000 теңге; 3-орын 200 000 теңге;  

«АУЫЛ тақырыбына арналған үздік поэзия» (өлең, баллада, поэма):  

1-орын 500 000 теңге; 2-орын 300 000 теңге; 3-орын 200 000 теңге; 

 «АУЫЛ тақырыбына арналған үздік драматургия»:  

1-орын 500 000 теңге; 2-орын 300 000 теңге; 3-орын 200 000 теңге; 

Арнайы жүлделер:

 Қосымша 10 үздік қаламгерге Алаш орданың 100 жылдығы орай 100 мың теңгеден арнайы жүлделер тағайындалады.

 

 

 

Поэзия жанры бойынша:
Мағжан Жұмабаев атындағы арнайы жүлде 
Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы жүлде 
Ғұмар Қараш атындағы арнайы сыйлық 
Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы жүлде (мысал өлеңдермен мазмұндас шығармаларға).


Проза жанры бойынша:
Міржақып Дулатов атындағы арнайы жүлде 
Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы арнайы жүлде 
Тайыр Жомартбаев атындағы арнайы жүлде.


Драматургия жанры бойынша:
Жүсіпбек Аймауытов атындағы арнайы жүлде 
Мұхтар Әуезов атындағы арнайы жүлде 
Қошке Кемеңгерұлы атындағы арнайы жүлде!